Ауа райы болжамы
меню

Арктикалық белдеу деген не?

Арктикалық белдеу деген не? Арктикалық аты айтып тұрғандай Солтүстік полюске жақын жерде орналасқан белдеу. Оны мына картадан көре аласыз:

Арктик белдеу деген не?

Негізінен Солтүстік Мұзды мұхитта осы белдеу орналасқан. Сонымен қатар Еуразия мен Солтүстік Американың солтүстік жағалауы да осы белдеуге жақын орналасқан. Кейбірі енеді де.

Арктика климаты қатал. Ауа райы суық. Осында мәңгі ерімейтін мұздықтар бар. Қысы да, жазы да суық. Қар тіпті ерімейтін жерлері де бар. Оңтүстік бөлігі жазда аздап болса да еріп жатады. Неше түрлі өзендер мен көлдерді толтырып. Жасыл шөп шығып дегендей. Бірақ ол уақыт көпке ұзамайды. Жыл мезгілдері аса айқындалмаған.

Арктиканың батыс жағалауы біршама жылынады. Себебі осында аса қуатты Гольфстрим деген ағыс бар. Гольфстрим Атлант мұхитының жылу суларын солтүстікке жеткізеді. Соның арқасында Скандинавия мен солтүстік Еуропа жылынады. Ол аймақтар негізінен арктикалық белдеуге осының арқасында жатпайды. Арктикада суық желдер жиі соғып тұрады. Астанадағы боран да осы жерлерде бар.

Жел мен боран Арктикада жиі соғып жатады. Әсіресе суық желдері көп. Оған қоса дауыл да жиі соғып тұрады. Сондықтан осы жаққа ұшақпен не тік ұшақпен жету қиын. Әуе рейстер жиі кейінге қалдырылады.

Арктика мұздарға бай мекен. Солтүстік Мұзды мұхит жыл бойы ерімей тұрады. Оңтүстік пен батыс жағалауы болмаса. Оңтүстік жағалауы жазда ал батыс жағалауы Гольфстрим арқасында жыл бойы. Осы жақта мұздықтарға байланысты кемелер өте алмайтын еді. Кейін мұз жарғыш кемелер пайда болып кемелер жүре ала бастады.