+2 ℃
+7 ℃
+3 ℃
+2 ℃
+2 ℃
+3 ℃
0 ℃
+3 ℃
Тараз шаһары еліміздің оңтүстігінде орналасқан киелі мекен. Осы қала жылы ауа райына ие. Тараз ауа райы болжамы осы жерде бар. Сағат сайынғы. Ертең Таразда температура бәлендей болуы мүмкін деген болжам осы жерде келтірілген.
18 және 19 ғасырларда қаланы Әулие-Ата деп атаған. Себебі шаһар мен осы облыста барша қазаққа танымал көптеген әулие жерленген. Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун, Тектұрмас сияқты киелі кесенелері көп. Көне атауы Тараз. Сонау ортағасырлық жазба деректерде жиі жазылатын Тараз дегені осы. Әсіресе Жібек Жолы гүлденген жылдары қала жиі саяхатшылардың жазбаларында аталатын.
Жамбыл облысы жылы мекен. Аталған облыста таулар, өзендер мен көлдер бар. Ауа райы кейде ыстық, кейде таудан соққан самал жел арқасында суықтау боп келеді. Шөлді аудандар да бар. Мысалы суы құмға сіңіп кететін Шу өзені. Негізінен барлық оңтүстік облыстар Қазақстанда климат жағынан бір-біріне ұқсас боп келеді.
Мысалы Талдықорған мен Алматы ауа райы Тараздың климатына ұқсас. Себебі географиялық орналасу жері біріңғай. Бір ендікте дерлік орналасқандықтан күн радиациясы бірдей болады. Күн жылуы бір болса орташа температура да бірдей болады. Және алыстағы Ақтау да осыларға аздап болса да ұқсас. Жылдық температура шамасы ұқсас боп келеді.
Таразға жақын орналасқан Мойынкұм мен Бетпақ-Дала жазда температураны жоғарлатады. Осы екі шөлдің ыстық лебінің арқасында жазда температура 40 0С пен 45 0С градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстікте жатқан Қаратау мен Алатау тауларынан кейде самал жел соғып тұрады. Аздап болса да температураны салқындатуға септігін тигізеді.
Осы қала жауын-шашынға бай емес. Өкінішке орай барша Қазақстан жауын-шашынға бай жер емес. Таулы аймақтарды ескермесек еліміз негізінен шөлді не жартылай шөлді аймақта орналасқан. Мұхиттардан алыс болғандықтан елімізде көп жаңбыр жаумайды. Әсіресе соңғы жылдары жауын-шашын мөлшері күрт азайды.
Жаһандық жылынуға байланысты жыл сайын жауын-шашын мөлшері азайып барады. Температура жоғарлап. Өкінішке орай бұған тосқауыл бола алатындай күйіміз жоқ. Барша елдер бұдан зардап шегіп отыр. Амал не?
Жер асты суларын игеру керек. Және суды үнемдеп пайдалану керек. Мысалы газон деп суды көп тұтынатын аласа шөпті екпей оның орнына биік гүл өсіру. Биік әрі ормандағы тал сияқты тығыз егілген гүл суды аз тұтынады. Себебі арасы көлеңке. Және арам шөптен гөрі гүл сәнді болады емес пе.
Елімізде континенталды климат орныққан. Соңдықтан жел жиі соғып тұрады. Жамбыл облысында желді күндер сирек құбылыс емес. Әсіресе жан-жағынан ашық елді мекендерде. Тараз да сондай желге ие. Кейде таудан келген суық ауа мен құмнан келген ыстық ауа массалары араласып зор желдерді тудырады. Үй шатырын жұлып кететін зор желдер кейде ұрып тұрады.
Осы Жамбыл облысында баламалы энергетика дамып жатыр. Себебі нұрлы, бұлты жоқ күндер сирек емес. Жылдың 365 күнінің басым бөлігі жаңбыр мен қар сияқты жауын-шашынсыз болады. Осыны пайдаланып облыста күн энергия станцияларын салып жатыр. Тараз ауа райы бұған қолайлы. Тоқ күн нұрынан өндіріледі. Тегін әрі экологиялық таза энергия көзі.
Жел энергетикасы да дамып жатыр. Облыста желден электр тоғын алып жатқан мекемелер бар. Желден тегін электр тоғын алу керемет ой. Жыл сайын бұған көп қаржы бөлініп жатыр. Кейбір ірі кәсіпорындар өздеріне жел энергия станцияларын салып қойған. Мақсаты желден тоқ алып табиғатты аялау. Көмір мен мұнай жақпай таза тоқ алу.