Жер бедері деген не? Өздеріңіз білетіндей жерде тау бар, жазық бар, жыра бар, ойпат пен қырат та бар. Соның бәрін қорытып жер бедері деп атайды. Мысалы Алматы қаласының маңындағы жер бедері таулы ал Астана қаласы маңындағы жер бедері тегіс.
Алматы жер бедері әрқилы. Солтүстік жағы жазық ал оңтүстік жағы таулы. Тянь-Шань таулары оңтүстікте созылып жатыр:
Суреттен көрініп тұрғандай Алматы қаласы ағашқа мол. Оған қоса біршама биік жерде орналасқан. Тауда шырша көп өседі.
Рельеф деген не? Ол жер бедерінің ғылыми атауы. Негізі екі атау қатар пайдаланылады. Бір жерінің рельефін сипаттаңыз десе ол жақтағы тау мен жазықтарды, шөл мен өзендерді атайсыз.
Мысалы Жетісу рельефі әрқилы. Солтүстікте Балқаш маңындағы шөлейтті жерлер бар. Ал оңтүстік жағы таулы. Оған қоса мидай жазық дала да орта жағында бар.