Ауа райы болжамы
меню

Муссон деген не? Муссон желі

Муссон деген не? Муссон термині француз тілінің monsoon сөзінен шықты. Ал ол тілге арабтан көшті. Қазақта пен мұсылман елдеріндегі маусым деген сөз бар емес пе. Сол ғой. Яғни муссон ол маусым деп аударылады. Жылдың бір бөлігі. Бізде жаз, күз, көктем мен қыс болса оларда муссон дегені бар.

Ол уақытта ауа ылғалды болады. Шамамен сәуірден қазан айына дейін созылады. Экваторға тропиктен желдер соғып тұрады. Муссонда жаңбыр жиі болады. Кейде бірнеше апта бойы жауып тұрады:

Муссон деген не?

Муссон желі

Муссон болатын уақытта жел тропиктен экваторға ұрып тұрады. Кейде ол жел тым қатты болады. Қызылорданың желіндей. Жазда Азия құрлығы мұхитпен салыстырғанда қатты қызады. Әсіресе тропикке жақын аймақтарда. Үнді мұхиты жағалауындағы орналасқан елдерде. Бенгалия, Вьетнам, Лаос, Үндістан немесе жаңа атауы Бхарат, Пәкістан, Қытай.

Жер қыза бастағаннан кейін ауа көкке ұмтылады. Биік атмосфералық қабаттарға. Демек жер бетіндегі ауа қысымы азаяды. Ол жаққа мұхиттын ылғалды ауасы келіп жатады. Яғни жаңбыр мен жел пайда болады. Сонымен жазғы муссон шамамен сәуір айынан қазан айына дейін мұхиттан құрлық жаққа ұрып тұрады. Оның жаздағы бағыты осындай:

Мусон желі

Муссон желі дегеніміз осы. Ол аса ұзақ жаңбырдың себепкері. Маусым, шілде мен тамыз айларында осы аумақтарда ұзақ жаңбыр болады. Жаңбырмен қоса найзағай, жел, дауыл жиі болып тұрады.

Бірақ ылғалды ауа массалары қазақ жеріне жетпейді. Себебі Тянь-Шань, Гималай, Памир сияқты көкке жеткен таулар олардың жолын бөгеп тұрады. Осы таулардың онтүстік бөлігінде ең ылғалды климат орнаса солтүстік бөлігінде негізінен шөлді болып келеді. Қарақұм, Қызылқұм, Мойынқұм сияқты шөлдер бар.

Қазақстандағы ауа райын болжағанда муссондарды ескермеуге де болады. Қазақ жеріне ылғал онтүстіктен емес батыстан, Атлантикадан келіп тұрады.

Қыркүйек айына қарай тропикте ауа температурасы біртіндеп төмендей бастайды. Ауа суып кетеді. Демек ол көкке көтерілмей қалады. Соның арқасында муссон қазан мен наурыз айларында кері бағытта соғады. Жел бәлендей күшті болмаса да аздап соғып тұрады.

Сонымен муссон дегеніміз ылғалды ауа массаларының қозғалысынан пайда болатын жел, жыл мерзімі. Шамамен сәуірден қазан айына дейін созылатын уақыт. Ол Үнді мұхиты жағалауында зор білінеді. Басқа тропиктік жерлерде де бар. Бірақ біраз әлсіздеу.