Ауа райы болжамы
меню

Жыра деген не? Жыра қалай пайда болады?

Жыра деген не? Жер бетіне жаңбыр жауғанда су мол аққанда топырақ кейде шайылып кетеді. Сондай, яғни топырағы шайылып кеткен жерді жыра дейді:

Жыра деген не?

Жыра қалай пайда болады?

Жыра талай жылдар бойы аққан судын салдарынан пайда болады. Осыны топырақ эрозиясы дейді. Осы су қар еруден, қатты жаңбырдан, таудан аққан судан пайда болады. Мысалы Алматы қаласының маңында осындай жыралар көп. Әсіресе тауға жақын жерлерде. Мегаполиске жақын Ұзынағаш пен Қаскелең сияқты қалаларда жыралар көп. Алматы ішінде бұрында көп болса да үй мен пәтер салынып олар тегістелді.

Қазақстан аумағында жыралар көп. Негізі жаңбыры мол аумақта жыралар көп болады. Жетісуда, Алтай мен Тарбағатайда көп жыра бар. Мысалы Өскемен қаласына таяу орналасқан тауларда көп жыра бар. Оған қоса желі мықты Ақтау сияқты жерлерде де жыралар бар. Сонымен қатар жыра топырақтың әлсіз болуынан да пайда болады. Мысалы Астана жақта сондай жыралар көп.

Жыра сонымен қатар мұздық ерігенде не жер сілкінісі кезінде де пайда болуы мүмкін. Жыра өлшемі бірнеше метрден бірнеше шақырымға созылуы мүмкін. Жыра зиянды құбылыс. Себебі ол арқылы топырақтын құнарлы қабаты, төменге сумен шайылып кетеді.