Жазда Қапшағай су қоймасында шомылсаныз су жақтан жағаға соғып тұратын желді байқау қиын емес. Осыны бриз дейді. Бриз әлсіз жел. Ол су жақтан жаға жаққа соғып тұрады. Егер далада қатты жел болмаса су жақтан жаға жаққа жазда үнемі жел соғып жатады. Салқындау, ылғалды жел.
Бриз деген жел аса қатты емес. Бар жоғы шамамен секундына 1-5 метр. Бриз сөзі француз тілінен жеңіл жел деп аударылады. Осы құбылыс мұхит пен теңіз жағалауларында байқалады. Қапшағай, Балқаш пен Каспийде бар.
Бриз күндіз су жақтан жаға жаққа бағытталса түнде оның бағыты өзгереді. Түнде жаға жақтан су жаққа жел бағыт алады. Осыны былай көрсете аламыз:
Жаулауда самал жел бар емес пе. Бриз соған ұқсайтын әлсіз жел. Ылғалды әрі жылы. Қазақ жеріндегі ауа райын болжағанда бриз желін ескеру керек.
Себебі Каспийдегі Ақтау мен Атырауда (Атырау Каспий теңізі жағалауынан аздап алыс орналаспаса да оның әсері байқалады) осындай желдер соғып жатады. Соның арқасында осы қалалардағы күндізгі мен түнгі температура айырымы басқа облыстардағы шаһарлармен салыстырғанда аз болады.
Климаты құрғақ Қызылорда қаласында күндізгі мен түнгі температура айырымы Ақтаудан жоғары болады. Және егер тау жақын болса ол жерде самал жер ұрады. Бриз сияқты. Мысалы Алматы ауа райы осындай. Тауларға байланысты жаңбыр жиі болады. Ал жел әлсіз боп соғады.
Бриз Атлант, Тынық, Үнді мұхиты жағалауында орналасқан елдерде болады. Мысалы Түркия мен Мысырға барған адамдар сондай желді сезді. Бриз температураның көтерілуіне себепкер. Адамға жайлы болуына себепші.
Сонымен бриз ол су мен жаға арасында соғатын жел. Күндізгі бриз су жақтан жағаға жаққа ұрса түнгі бриз кері бағытта соғады. Бриз желі навигацияда пайдаланады. Желкені бар кемелер осы желді пайдаланып жаға жаққа жетеді.