Барометр деген не? Барометр ол қысымды өлшейтін құрал. Бүгінгі ауа райы не ертеңгісі осы қысымға байланысты. Қысым физикалық шама. Ауаның қысымы жер бетіне атмосфера қандай күшпен әсер ететінің көрсетеді. Неғұрлым қысым жоғары болса соғұрлым жер бетіне түсетін салмақ үлкен болады.
Сондықтан ғой атмосфера қысымы жоғарлағанда қарт адамдар ауыра бастайды. Ыңғайсызданып жатады. Кейбірінде құлақ бітеліп қалады. Қысым адамға әсер етеді. Сондықтан оны өлшеу керек. Науқас адамдар қысым жоғарлағанда арнайы дәрілерді ішеді. Я болмаса қысымды көтермейге тырысады. Мысалы ыстық ваннаға адам жатса оның қысымы жоғарлайды. Демек қысымы жоғары күндерде кейбір науқас адамдар көп қозғалмай жатуы керек.
Барометрді 1644 жылы Эванджелиста Торричели ойлап тапты. Оның сынап негізіндегі барометрді мектеп курсында таныстырады. Физика сабақтарында. Схемасы міне:
Сол жақта ашық ал оң жақта жабық түтік тұрады. Олардың ішіне сынап құйылады. Ауа сол жақтағы ашық жерге қысым түсіріп отырады. Оның салдарынан оң жақтағы түтікте сынап жоғары көтеріледі. Көтерілу биіктігі арқылы қысымды өлшейді.
Қысым 755 мм, 763 мм тен дейды. Мысалы бүгін атмосфера қысымы 753 мм болды деп айтады.
Атмосферадағы қысым биік жерлерде аз ал төменде көп болады. Себебі биік жерлерде атмосфераның қалындығы аз болады. Демек жер бетінен есептегендегі ауа массасы аз болады. Тараз, Алматы сияқты қалаларда қысым аз болады. Мидай жазық далада орналасқан Семей сияқты қаламен салыстырғанда.
Таулы жерлерде қысым төмен ал далада жоғары болады. Сонымен қатар атмосфера қысымы ауада болып жатқан құбылыстарға байланысты. Циклон не антициклон болса, ауаның ылғалдылығы артса, жел соқса, жыл мезгілі ауысса қысым өзгереді.