Найзағай деген не? Найзағай ол көкте пайда болатын аса қуатты электр ұшқыны. Ол жаңбырлы күні, аспанды бұлт қаптаған күндерде болады. Ол аспанда жарқ жұрқ етіп жатады. Найзағай фотосы керек болса міне:
Найзағай атмосферадағы бұлттардың үйкелісінен пайда болады. Екі зат біріне бірі үйкелгенде олардың арасында тоқ пайда болады емес пе. Мысалы синтетикалық киімді шешкенде ол тықырлап жатады. Демек киімде тоқ жиналды. Оны физикада статикалық тоқ дейді. Аспанда бұлттар бірімен бірі үйкеліп тоқ ұшқыны пайда болады. Астана сияқты далалық жерде орналасқан қалаларда найзағайлар жақсы көрінеді. Өйткені бір шетін жауып кететін таулар жоқ.
Найзағай жүздеген шақырымға созылуы мүмкін. Ол аспанды түгелдей өтіп өтуі мүмкін. Көктің бір шетінен екінші шетіне дейін созылып. Ол жерде температура мыңдаған градуске жетеді. Ал тоқ күшінің қуаты үлкен болғаны сонша ол жерге тигенде металдан жасалған заттар еру түгіл бұланып кетеді.
Найзағай негізінен жаңбырмен бірге пайда болады. Одан бөлек те болуы мүмкін. Көктемде найзағай негізінен күн жылынғанда пайда болады. Қыста найзағай жиі болмайды. Алматы қаласында найзағайлар жаңбыр кезінде пайда болады. Бірақ смоктын салдарынан онша көрінбейді.
Найзағай көбіне төбеден жерге не бір бұлттан екінші бұлтқа не аспанға бағытталады. Соның салдарынан жаңбыр болғанда бұлттар арасы лезде жарық бола қалады. Сонымен қатар кейде атмосферада жиналған тоқ тіке ұрмай, шар, домалақ боп жерге көктен түседі. Оны домалақ найзағай деп атайды.
Ауылда осындайды бір рет көрген едім. Алдымен аспан қарайланып жер бетінде ерекше күшті жел пайда болды. Далада жүрген сон одан пана іздеп бір ескі, адам тұрмайтын үйге кіре салдық. Біраздан кейін жел басылып жаңбыр жауды. Арасында бұршақ та бар еді. Одан кейін жаңбыр лезде қойды да аспан ашылды.
Қуанып далаға шықсақ алдымыздан бір домалақ, айналып жатқан бір шоқ сияқты затты көре қалдық. Ол алдымен біз жаққа, кейін қора жаққа ұмтылды. Шөп бетімен қозғалғанда ол жерде шоқ қалдырып өткен. Сонан кейін бір темір шелекке тап болып жарыла салды.