Ойпат деген не? Ойпат деп құрлықтың тегіс, жазық бөлігін атайды. Мысалы Каспий маңы ойпаты деген жер бар. Ол жақта жер бедері тегіс, тау мен жотасыз болады. Еділ өзенінің Каспий теңізіне құйған жері ойпатта орналасқан:
Каспий маңы ойпаты осы теңіздің солтүстік жағалауында орналасқан. Ол жер теңіз деңгейінен шамамен 20-28 метр төмен орналасқан. Демек карталарда оны жасыл түспен көрсетеді:
Ойпат деп теңіз деңгейінен көп болса 200 метрге дейінгі жерлерді атайды. Каспий маңы ойпатында Атырау қаласы орналысқан.
Туран ойпаты деп Қазақстан, Өзбекістан мен Түркменстан жерлерінде орналасқан Арал маңындағы тегіс жазық даланы атайды. Жоғарыдағы картада көрініп тұрғандай ол жерлер шамамен Ашхабад жақтан басталып Сарыарқаға дейін созылған. Ауданы шамамен 2 млн шаршы метр.
Туран ойпатында Қызылорда қаласы орналысқан. Осы ойпат климаты біркелкі емес. Солтүстік жағы суық болса оңтүстік жағы ыстық, тропикке жақын орналысқан.
Жер шарындағы ең үлкен ойпат деп Амазония ойпаты атайды. Оның ауданы 5 млн шаршы метр. Ол жерде Амазонка деп аталатын суы мол өзен ағады. Амазон ормандары да осы ойпатта бар.