Ауа райы болжамы
меню

Циклон деген не? Антициклон деген не? Тропиктік циклондар

Циклон деген не? Циклон температураға әсер ететін метео құбылыс. Кейде температура лезде өзгере салады. Кеше ғана ыстық, күн шайдай ашық болып бүгін күн суып жаңбыр не қар жауып қалды. Осының себебі атмосферадағы ауа массаларының қозғалысы. Циклон дегеніміз жүздеген не тіпті мындаған шақырымдық ауа құйыны:

Циклон домалақ пішінді болады. Оның центрінде ауа қысымы төмен болады. Ал шеттерінде жоғары. Сондықтан шеттерден ортаға жаңбыр мен қардың пайда болуына себепкер болатын ылғалды ауа массалары ұмтылады. Кейде сыртта ылғалды ауа емес ыстық әрі құрғақ ауа массалары болуы мүмкін.

Осы сайтта Алматы ауа райы болжамын жасау үшін осындай циклондардың атмосферада бар не жоқ болуы ескеріледі. Себебі циклонға қарап ауа райын болжай аламыз. Қазақстанның өзге қалары үшін де ауа райы болжамын жасау керек болса да циклондардың бар не жоқ болуы маңызды.

Сыртта ыстық не суық ауа массалары бар болса олар іштегі температураны одан сайын жоғарлатады не төмндетеді. Яки сырттағы ауа температурасын еселетеді. Сондықтан циклондардың салдарынан температура қыста лезде төмендеп қалады. Аязды күндер бірнеше аптаға созылады. Ал жазда керісінде осындай циклонның салдарынан температура күрт жоғарлап аптап ыстық болады.

Қазақ жеріндегі циклондар шамамен сағатына 30-50 шақырым жол жүреді. Яғни бір тәулікте орта есеппен мың шақырымдық жолды асып өтеді. Циклондар бұлттар сияқты аспанда қалқып жүреді. Ертегідегі Қаңбақ шал сияқты жел қайда ұрса сол жаққа ұшады.

Циклондар кейбір елдерде аса ірі болады. Мысалы Солтүстік Америка континентінде осындай ірі циклондар жыл сайын пайда боп тұрады. Американың шығысында басталған бір циклон:

Америкада осындай ірі циклондарға ат беріп тұрады. Және олар бірнеше елдің үйлерін қиратып өтеді. Мысалы АҚШ-тан Куба мен Мексика жағына барып мындаған үйлерді қиратады. Мысалы 2005 жылы Катрина циклоны осындайларға жатады.

Тропиктік циклон

Температурасы бізден жоғарылау тропиктерде де циклондар пайда болады. Олардың ерекшелігі ауа ылғалды әрі ыстық болады. Себебі олар су бетінде пайда болады. Осыны тропиктік циклон деп те өзгеше атпен атайды. Тропиктік циклондар аса қуатты болады. Кейде бір қаланы түгелдей жоя салады. Жел жылдамдығы аса жоғары болады.

Үйлерді қиратып, көпірлерді екіге бөліп, елді суға батырып. Мысалы Катрина циклоны осындай тропиктік. Тропиктік циклонның басқа атауы тайфун. Тропиктік Сібір антициклоны сияқты емес, ерекше ыстық болады. Демек энергиясы мол болады.

Тайфун деген не?

Тайфун дегеніміз тропиктік циклонның Азия елдеріндегі атауы. Көне Азия елдерінде циклондары өз тілінде тайфун деп атайды. Тайфунда да Азия елдерінде талай елді зарлатқан. Тропиктік циклондар су бетінде пайда болып күшейеді.

Материкке тропиктік циклон терендей түсе бергенде оны демеп отырған су бетіндегі ылғалды ауа массалары алыстайды да ол біртіндеп әлсірей бастайды. Осы себептен тропиктік циклондары Қазақстанда байқай алмаймыз. Олар алыстағы мұхит жағалауына жақын жерлерде жоқ жоқ боп кетеді. Былайша айтсақ бізге тиіспейді.

Антициклон деген не?

Антициклон дегеніміз атауы айтып тұрғандай циклонға қарама қарсы ұғым. Яки оның центрінде қысым төмен емес жоғары болатын құйын. Демек сыртқы қабаттарында қысым төмен болады да ортасына қарай жоғарлайды.

Қазақстан жері арқылы антициклон мен циклондар өтеді. Мысалы сонау Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында пайда болып оңтүстікке ұмтылатын циклондар мен антициклондардың көбі қазақ жеріне де жетіп қалады. Кейбірі елімізді асып Орталық Азия жеріне де жетеді. Арктика мен Сібірден жеткен суық ауа массалары оңтүстіктегі жерлерге ылғал әкеледі.

Атлантикадан да қазақ жеріне циклондар мен антициклондар жетеді. Олар негізінен ылғалды әрі жылы болады. Және тағы бір бағыт ол оңтүстік. Иран мен Ирак жерінде пайда болған ыстық, құрғақ циклондар мен антициклондар Қазақстанға жетіп температураны жоғарлатады. Әсіресе осылардың әсері жазда байқалады. Ақтау қаласы осы бағыттан жеткен ыстық ауа массаларының арқасында ерекше жылы болып тұрады.