Цунами деген не? Цунами дегеніміз мұхитта пайда болатын ерекше қуатты толқындар. Мысалы 2004 жылы Онтүстік-Шығыс Азияда ерекше қуатты цунами болды. Су толқындары жағаға жетіп талай үйлерді, қалаларды қиратты. Шамамен екі жүз мыңдай адам мерт болды. Индонезия, Шри-Ланка сияқты жағалауда орналасқан елдерде.
Жер сілкінісі дегені бар. Ол жер астындағы тектоникалық плиталардың қозғалысынан пайда болады. Жер дүмпуінің әсерінен су қабаттарына энергия беріледі. Осы энергия су толқындары ретінде жан жаққа тарайды. Сонымен мұхит түбінде болған жер сілкінісі төмендегі су қабаттарына әсер етеді. Энергия береді. Ол энергия су бетіне жетіп барша жаққа қуатты толқын ретінде тарайды.
Цунами негізінен Тынық мұхитында жиі болып тұратын құбылыс. Атлант пен Үнді мұхиттарында да болады. Бірақ сәл әлсіздеу. Оған себеп Тынық мұхитының алыптығы және жер сілкіністерінің көбінің осы жерде болып тұруында. Негізінен Тынық мұхитының шекарасы түгелдей дерлік сейсмикалық аймақтардан құралған.
Батыс жағалауы түгелдей сейсмикалық жерлерден құралған. Онтүстіктегі Чилиден бастап солтүстіктегі Алясқаға дейін барша жағалауы сейсмикалық аудандар. Шығыс жағалауының жағдайыда да мәз емес. Жапония, Жаңа Гвинея, Камчатка сияқты жерлер сейсмикалық жағынан белсенді боп табылады.
Цунами Қазақстанда болмайтын құбылыс. Сондықтан ауа райы болжамын естігенде сіз Алматыда цунами болады дегенді естімейсіз. Бірақ шетелге барып сол елде ірі цунами болып қалады дегенді естісеңіз дереу биік тауға, жотаға шығыныз. Биіктігі жүздеген метрден асатын таулардың шыңына цунами жете алмайды.
Сондықтан ғой көп ғимараттарды биіктеу салады. Цунами болып жататын елдерде. Мысалы Тайланд, Индонезия, Шри-Ланка, Бангладеш сияқты елдерде.
Цунами зиянды құбылыс. Ол жағалауда орналасқан ғимараттардың тас талқаның шығара салады. Көп жұрт үйсіз, панасыз қалады. Оған қоса су кемелері де цунами болған жерлерде талқандалады. Демек халық өзге елдерге баратын көлікке зәру боп қалады. Оған қоса балық аулайтын құрал жабдықтарынан да айрылып аштыққа тап болады.
Сондықтан цунами болған жерлерге бүткіл әлем боп жәрдем береді. Халықаралық ұйымдар. Мысалы Біріккен Ұлттар ұйымы 2004 жылғы цунами болған елдерге көмегін аямай берді.
Цунами мұхит жағалауында орналасқан елдерде болады. Мысалы Тайланд, Сингапур, Малайзия, Индонезия, Филиппин, Жаңа Гвинея, Сомали, Мадагаскар, Үндістан, Бангладеш, Жапония, Корея және басқалары.