Тропиктік белдеу деген не? Тропиктік белдеу деп экваторға жақын демек өте жылы жерлерді атайды. Ол жақта қыстағы орташа температура шамамен 10-15 0C градус шамасында. Ал жазда орташа температура 20 -27 0C шамасында. Тропиктерде жауын шашын мөлшері жылына шамамен 750 мм. Тропиктердің картасы мынандай:
Тропиктерде картадан көрініп тұрғанда Африка құрлығының солтүстік жағы орналысқан. Қасиетті Мекке мен Мәдина қалалары бар Араб түбегі де осы белдеуде түгелдей орналысқан.
Демек тропиктерде жердегі ең жоғары температура байқалады. Себебі Сахара шөлі дәл осы белдеуде орналысқан. Ол жақта жазда температура елу градустан аса береді. Жауын шашыны аз болғандықтан. Тағы бір ерекшелік тропиктерде күн мен түн температура арасы зор. Мысалы Сахарада күндіз отыз градус ыстық болса түнде суық, шамамен бес он градус шамасында болуы мүмкін. Себебі құм мен құрғақ ауа жылуды ұстап тұра алмайды.
Тропиктердің кейбір жерлері шөлейтті. Ал кейбір жерлері ылғалды. Ол мұхитқа жақын болуына байланысты. Тропиктерде қалын ормандар бар. Тропикалық ормандар неше түрлі өсімдіктерге бай. Оған қоса аязды қысы жоқ болғандықтан неше түрлі жәндіктер бар.
Ауа райы осы белдеуде жылы болғандықтан туристерге арналған неше түрлі курорттар тропиктерде орын тепкен. Мысалы Дубай, Флорида, Мысыр, Тунис, Алжир, Қызыл теңіз жағалауы сияқты курорттар жер жүзін аралап жүрген туристтерге мәлім.