Ауа райы болжамы
меню

Мұз деген не? Аяз деген не? Қар деген не?

Мұз деген не? Мұз ол қатқан су. Су температурасы минус болса ол мұзға айналады. Мұз кристалдардан құралған. Ол судын қатты агрегаттық күйі.

Аяз деген не?

Аяз дегеніміз ол ауаның суып кетуі. Кейде ауа лезде суып кетеді. Осыны аяз дейді. Аяз ол температура теріс болғандағы қоршаған ортадағы заттардың мұз боп қалуына себепкер. Қазақта аяз күшейді дейді.

Қар деген не?

Қар ол су кристалдарынан құралған зат. Қар минус температурада түзіледі. Қазақстанның солтүстік пен орталық жағында қар жарты жылдай жатады. Ал оңтүстік жақта қыста бірнеше рет еріп кетеді. Мысалы Алматыда қыс айларында қар тәңертен жауып түсте еріп қалуы мүмкін.

Қар мен мұздың арасы қандай? Қар ол бөлек бөлек боп мұзға айналған су тамшылары. Ол біркелкі қабатты құрамайды. Мұз болса біріне бірі жабысып тас боп қатқан су. Қар ұшқыны арасы бос кеңстікке толы, оның арасында ауа бар. Сондықтан ол жеңіл болады. Ал мұз болса тастай қатты әрі ауыр болады.

Бір шелек қар мен бір шелек мұз салмағы жер мен көктей.