Цикл деген не? Цикл деп қайталанатын дүниені атайды. Мысалы тәулік сайын күн, түн, күн, түн деп ауысып тұрады. Ауа райы циклді. Жаз, күз, қыс және көктем боп жыл сайын ауысып отырады.
Цикл дегеніміз ол талай рет қайталау. Мысалы сіз тәңертен тұра алмай жатырсыз. Оятар бес минут сайын шырылдап жатады, сіз тұрып оны өшіргенше. Демек ол цикл болады. Себебі бес минут сайын қайталай береді. Қайталанатын зат цикл боп табылады. Осы оятардың коды қалай жазылған?
PHP тілінде шағын цикл жазайық. Алдымен $x айнымалысын анықтаймыз әрі оған 0 деген мән меншіктейміз. PHP тіліндегі for циклінің көмегімен осы айнымалыны әрбір қадам сайын бірге арттырамыз. 10 дейін цикл жалғасады. Кейін тоқтайды. Міне код:
for ($x = 0; $x <= 10; $x = $x + 1) {
echo "Oyan: $x <br>";
}
Осы кодты түсіну қиын емес. for ($x = 0; $x <= 10; $x = $x + 1) осы жерде $x айнымалысы анықталды әрі оған 0 деген бастапқы мән берілді. Одан кейін оның мәні $x = $x + 1 формуласымен бірге қадам сайын артып жатады. Ол шама 10 тең болғанда цикл тоқтайды. Ал цикл ішіндегі код ол Oyan: 1 Oyan: 2 дегенді экранға басады:
Сіз PHP онлайн деп гуглда теріп осы кодты орындап көрініздер. Неше түрлі онлайн платформаларда осындай кодты орындауға болады. Өз компьютерінізге бағдарламалау тілін орнатпай. Жаттығу ретінде жоғарыдағы мысалда бар 10 санын беске не алтыға ауыстырып көрініздер.