Тау деген не? Тау деп аса жоғары биіктікке көтерілген жердің бір бөлігін атайды. Мысалы Алатау таулары ерекше биік әрі сәнді. Оның төбесінде қар жатады:
Жер планетасында тектоникалық деп аталатын плиталар бар. Олар біріне бірі қабаттаса алады. Сондай жерде бір плита төмен ал екіншісі жоғары бағытталып ерекше биік ландшафты құру мүмкін:
Осы суретте Еуразиялық плитаға Үнді-Австралиялық плита соғысып жатыр. Нәтижесінде Үнді-Австарлиялық плита төмен ал Еуразиялық плита жоғары көтеріліп ерекше биік Гималай деген тауларды түзеді. Таулардың тектоникалық жолмен осылай пайда болады.
Таулар ауа райына әсер етеді. Ауыл не қала тауға жақын орналасса ол жақта қатты жел, құрғақшылық көп болмайды. Себебі тау желдің келуіне тосқауыл болады. Ал ылғал тау бөктерінде жиналып бұлақ боп ағады. Сонымен қатар ерекше биік тауларда мұздықтар бар. Ол мұздықтар бұлттардың өтуіне тосқауыл болған жерде пайда болады. Демек сол жерде су қоры жиналады.
Мысалы Алматы қаласының климаты оның маңында орналасқан Қонаев қаласынан өзгеше. Себебі Алматы қаласы таулы жерде орналасқандықтан ол жақта қатты желдер мен құрғақшылық болмайды, жаңбыр біршама көп жауады. Ал жазық далада орналасқан Қонаев қаласында қатты желдер соғып тұрады. Жауын шашын да біршама аз.
Таулардың пайда болуының тағы бір жолы ол вулкандық. Сіз білетін шығарсыз жер бетінде қатты қызған лаваға толы вулкандар бар. Солар атқылағанда биік тау, арал пайда болуы мүмкін:
Суретте көрсетілген ыстық лава қатып жер бетінде тау түзейді. Оның үсті қатты болады. Алғашында өсімдік өспессе де құстар тұқым әкеліп осындай жерде шөп пен тал өсе бастайды. Көп жылдар өтіп жасыл желекке айналады.
Тау атаулары неше түрлі, сан алуан. Қазақстандағы тауларға - Алтай, Тарбағатай, Алатау, Тянь-Шань, Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Мұғалжар, Хан Тәңірі.
Сонымен қатар әлемдегі таулар да бар. Оларға Гималай, Альп, Кордильер, Апалач, Гиндукуш, Памир, Орал, Саян, Карпат сияқты тау атаулары бар.
Тау шыңы деп оның ең биік нүктесін атаймыз. Мысалы Тянь-Шань тауларының бір биік нүктесі барымызға таныс Хән Тәңірі шыңы. Ол ерекше биік. Оның теңіз деңгейінен санағандағы биіктігі 6995 метр.