Эрозия деген не? Эрозия ол география мен геология ғылымындарында сумен топырақтың шайылып кетуін атайды. Мысалы Алматы облысында бар атақа Шарын шатқалы осындай эрозияның жемісі:
Топырақ эрозиясының арқасында осындай шатқал пайда болды. Өзен мен көл жағалауы көбінесе эрозияға ұшырайды. Мысалы Алакөл жағалауы біртіндеп сумен шайылып көлге батып жатыр.
Эрозия барша геологиялық жыныстарға тән. Тас пен жартас аздап ал топырақ және жұмсақ тау жыныстары тезірек эрозияға ұшырайды. Жер бетіндегі кейбір елдердің жағалауы бәз қалпында талай жыл бойы сақталға кейбірі лезде лай мен балшыққа айналып кетеді.
Мысалы Англия елінің оңтүстік жағалауының кейбір жерлері тасты боп табылады. Демек ол құм мен балшықтан гөрі баяулау эррозияға ұшырайды:
Жаңбыр жауғанда, қар ерігенде көп су пайда болады. Осы су ағыны қатты болса жер бетінің құнарлы қабатын шайып кетуі мүмкін. Су эррозиясы дегеніміз осы:
Өкінішке орай Қазақстанда су эрозиясына ұшыраған жерлер көп. Талай жылдар бойы қараусыз қалған жерлер, арнасын бұрып құнарлы жер арқылы каналды өткізу арқасында осындай эрозия шұрайлы, құнарлы жерлердің сиқын бұзды. Құнарлы топырақ кеткеннен кейін астында саз, тас қалады. Ондай жерде егін егу, мал бағу қиын.