Пассат деген не? Өздеріңіз білетін шығарсыз экваторлық белдеуде температура жоғары болады. Планетамыздың басқа бөліктерімен салыстырғанда. Осы жылу қайда кетеді? Ол ауаны қыздыруға кетеді. Ауа массалары қызып атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтеріледі. Және полюстер жаққа ұмтылады. Ол ауа массаларын төменнен басқа суық ауа басады. Сөйтіп тұрақты жел пайда болады.
Үйде қыста пештен не жылытқыш я радиатордан жан жаққа жылу барады емес пе. Ол жылу ауаны қыздырады. Жылу ауа әуелі жоғары көтеріліп бөлменің басқа жағына ұмтылады. Сөйтіп үй жылынады. Пассат желі де шамамен сондай. Ол ыстық экватордан суық полюстер жаққа ауа массаларын тасымалдайды.
Жер бір орнында тұрмай айналып жататындықтан пассат желіне Кориолис деген күш әсер етеді. Соның салдарынан Солтүстік жарты шарында пассат желдері ауа массаларын оңтүстік-батыс жаққа айдайды. Ол солтүстік-батыс пассаты деп аталады.
Ал Оңтүстік жарты шарда осы Кориолис күші ауаны солтүстік-батыс жаққа айдайды. Ол оңтүстік-шығыс пассаты деп аталады. Осы екі бағыт негізгі болып табылады. Оңтүстік-шығыс пассаты солтүстіктен күштілеу болады. Себебі оның жолында құрлық аз кездеседі. Құрлық желдерді баяулатады. Тропиктерде соғатын желдер жоғарғы суретте келтірілген.
Ағылшын тілінде пассат желін trade winds деп атайды. Оның мағынасы сауда желдері. Себебі ұлы географиялық ашулар заманында осы пассаттың арқасында Еуропадан Америкаға бару мүмкін болды. Христофор Колумб пассаттың арқасында Американы ашты. Ол отырған желкенді кеме пассат бағытымен батысқа барды. Еуропадан Куба аралына дейін.
Пассаттардың бір ерекшелігі олар тұрақты болуында. Себебі экваторлық белдеуде температура тұрақты. Демек ауа массалары ол жақтан полюстерге тоқтамай жылжи береді.