Дауыл деген не? Дауыл ол қарды қозғап жататын аса қатты жел. Қыста қар жауып және қатты желдің соғуы дауылдың белгісі. Дауыл негізінен онтүстікке тән емес құбылыс. Алматы, Шымкент сияқты шаһарларда қыста аса көп байқалмайды. Жылына бір не екі рет қана болатын шығар. Ал Семей, Астана сияқты суық жерлерде қыста дауыл да боран да соғып тұрады.
Боран деп қыста қарды үйіп қоятын қатты жел. Боран болғанда аса қатты аяз болады. Ал қар жаумайды. Дауылдан басты айырмашылығы осында. Еліміздің суық жерлерінде боран мен дауыл қыста жолдарды жауып қояды:
Сондықтан сондай күндері жолға шықпау керек. Жол жүру керек болса теміржолды пайдалану керек. Себебі темір жол поездары сирек қар астына қалады. Олардың қарды тазалайтын құрылғылары бар. Оған қоса поездың салмағы мындаған тонна. Ол релске жауған қарды мыжи салады. Ал көлік болса қар астында қалып қалуы мүмкін. Оның дөнгелегі қардан аса алмай қалады.
Оған қоса боран үйлерді қармен жаба салуы мүмкін. Кейде екі не үш метр биіктікке қарды үйіп салады. Боран кезінде жел қатты соғады. Шамамен секундына 25-35 метр. Бір сағатта 3600 секунд бар. Демек жел сағатына 25*3600 = 90 000 метр жол өтеді. Яки 90 км/сағ жылдамдықпен боран кезінде жел ұрып тұрады. Жылдам көлік сияқты.