Бора деген не? Ауа массалары жол бойында аласа жота не тауға тап болса ол біраз уақыт одан аса алмай қалады. Аса алмаған ауа массалары жиналып жатады. Біршама уақыттан кейін, тасыған шәугім сияқты ол ауа массалары жотадан асып зор жылдамдықпен алға, пәске, төмен жерге ұмтылады.
Осы суретте көрсетілгендей бора желі тауды асып, көктен пәске құлаған тас сияқты жаға жаққа ұмтылады. Оның үдеп кетуіне себеп қысым мен гравитация. Оның жылдамдығы секундына 40-65 метр!
Негізінен теңіз бен мұхиттарда осындай желдер бар болады. Жағалауда аса биік емес жота не тау бар болғанда. Жаға жақта жоғары ал теңізде төмен қысым болады.
Қазақстанда ондай желдер сирек кездеседі. Таулы аймақтарда болмаса. Негізінен теңіздерде осындай желдер соғып тұрады. Бора желінің ерекшелігі оның кенеттен пайда болуында және ерекше күшті соғуында. Бриз желінен айырмашылығы осында. Кейде бора тым қатты соғып кемелерді аударып кетеді.
Тағы бір ерекшелік ол оның шағын аймақта соғып тұратында. Бора желі пайда болуы үшін жота керек емес пе. Демек сол биік емес тау не жота маңында ғана болады.
Алматы сияқты құрлықта орналасқан шаһарларда осындай желдер болмайды. Ақтау қаласында теңіз бар болғанмен ол жерде жота не тау жоқ. Демек ауаны ұстап қалатын кедергі жоқ.