Қырау деген не? Жаз бітіп, күз басталып күн суып кетеді. Түнде температура минуске кетсе жер бетін қырау басуы мүмкін:
Ол қыстын жақыпдап қалғанының белгісі. Көп кешікпей қар жауып жер бетін ақ басатының дәлелі. Қырау мұз кристалдарынан тұрады. Жазда шық шықса, қысқа жақын мезетте ол қатып қырауға айналады.
Қазақстанның солтүстік аймақтарында қырау ерте шығады. Кейде тамыз айының сонына қарай, ал кейде тіпті ортасына қарай шыға бастайды. Қырау жеміс пен көкөністерге зиянды құбылыс. Мысалы қызанақ одан үсіп кетуі мүмкін. Құлпынай шіріп кетуі мүмкін.
Ал қырыққабат, жер астында жасырынған қызылша мен картоп одан қорықпайды. Сәбіз де. Астық жинауға қырау кедергі болып тұр. Себебі дәнді қырау жапса ол ылғал боп кетеді. Ылғалды астықтын шіріп кетуі ғажап емес. Сондықтан қырау жайында білу керек.
Ол үшін диқаншыларға ауа райы болжамын дер кезінде қарап отыру керек. Температура нөлге жақындай бастағанда әрекет ету керек. Мысалы қырау көктемде пайда болуы мүмкін деген мезетте өсімдіктерді пленкамен жабу қажет.
Сонымен қырау дегеніміз жер бетінде мұз кристалдарының пайда болуы. Ол тал мен шөп бетінде де пайда болады. Аязды күндері қырау пайда болады. Қырау қыста да пайда болады. Мысалы жылы ауа массалары аязды жерге жетсе жер бетін қырау басады. Себебі ол ылғал конденсацияланып, қатып мұзға айналады.