Ауа райы болжамы
меню

Жел деген не? Жел түрлері

Жел деген не? Жел деп ауа массаларының горзитонталды бағыттағы қозғалысын атайды. Ауа қозғалысы адамға әсер етеді. Мысалы оның алдынан тіке суық жел соқса ол жаурайды. Ал ыстық жел соқса терлеп кетеді. Жел барша жерлерде бар. Барша қалаларда. Алматы сияқты тау бөктерінде жатқан қалада жел далалық жермен салыстырған азырақ.

Мысалы Қызылорда, Семей, Астана қалаларында қыста да, жазда да желдер соғып тұрады. Кейде боран мен дауыл да болып тұрады. Шымкент қаласы Алматы сияқты тауда орналасқандықтан ол жерде жел сәл баяу соғады. Желдің пайда болу себебі ол жер бетіндегі қысымның әрқилы болып жатуында. Ауа қысымы төмен жерден қысымы жоғары жаққа ұмтылады.

Жел түрлері

Жел түрлері

Жел жылдамдығы

Жер бетінде неше түрлі желдер бар. Олардың жылдамдықтары әрқилы. Мысалы жазда секундына 1-2 метр жылдамдықпен соғатын желдер бар. Ал Қазақстанның солтүстік аймақтарында қыста боран болады. Ол кезде жел жылдамдығы шамамен секундына 25-35 метр болады.

Жел деген не?

Секундына 25 метр дегеніміз ол сағатына 90 км. Яғни көлік жылдамдығындай. Сіз далада жүрсеңіз алдыныздан жел көлік жылдамдығымен ұрып тұрады. Ондай жел адамды аяғынан шалып құлата да алады. Кейбір бала мен қарттарды осындай жел ауыл сыртына айдап кетеді.