Ауа райы болжамы
меню

Атмосфералық фронт деген не?

Атмосферада жылу және суық ауа қабаттары бар. Олардың шекарасы атмосфералық фронт деп аталады. Соғыс кезіндегі фронт сияқты. Бер жағында біздің әскер ар жағында жау әскері. Оларды бөлетін сызық фронт делінеді.

Циклон мен антициклонның әсерінен ауа массалары тарайды. Суық және жылы ауа массалары боп екіге бөлінеді. Араласатын жерде қатты желдер пайда болады. Боран, құйын пайда болады. Әсіресе күз бен көктемде ерекше күшті желдер пайда болады. Оның себебі суық әрі жылы ауа массаларының араласуы.