Шық деген не? Жайлауда болсаныз ол жерде таң атқанда шөп үстіне шық шығады:
Оның себебі түнде температура төмендейді де ауадағы ылғал жер бетіне конденсацияланады. Су тамшылары пайда болады. Оны өсімдіктер бойына сіңіреді. Шаң аздап болса да басылады. Күн шығып кеткенде осы су тамшылары буланып атмосфераға қайта оралады.
Тұман болған күндері шық та көп шығады. Себебі сондай күндері ауада мол ылғал бар болады. Шық егінді жинауға кедергі болады. Себебі егін бойына ылғал жиналып оның сапасы төмендейді. Ылғал егінді кептіру керек. Ал ол үшін көп жылу қажет. Демек қосымша шығын. Сондықтан негізі шық шыққанда егін жиналмайды.
Метал және жылу өткізгіштігі мол заттар бетінде шық мол боп шығады. Себебі олардың бетіндегі температура басқа заттардан төмендеу болады. Мысалы ағашпен салыстырғанда. Шық атмосфералық фронттар аумағында пайда болса ол қатып көк тайғаққа айналып кетуі мүмкін. Мәселен суық, аязды фронт пен жылы фронт болса.
Алматы қаласының көшелерінде кейде шық қатып мұзға айналады. Бірақ жолда көп көлік бар болған сон ол тез мыжылып кетеді. Көліктердің қозғалысы салдарынан ол мұз тез еріп кетеді. Ал қаладан сырт орналасқан жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Бірақ ондай мұздың қалындығы аса үлкен емес.