Ауа райы болжамы
меню

Метеорология деген не?

Метеорология деген не? Метеорология аспанды, атмосфераны зерттейтін ғылым саласы. Оның мақсаты ауаның, атмосфераның күйін бақылау, зерттеу әрі болжау. Ертең жаңбыр бола ма? Түстен кейін температур қандай болады? Ауа райын болжау үшін метеорология ғылымын білу керек.

Не үшін? Себебі адам баласы табиғаттан тәуелді. Жер жыртып егін егу үшін ауа райы болжамын білу керек. Ұшақтын аэропортқа қонуы үшін де ауа райы болжамы керек. Мысалы Ақтау аэропортынан ұшақ көкке көтеріліп Алматы жаққа бара жатыр делік. Ол екі не үш сағат ішінде Алматы аэропортына жетеді. Осы уақытта ауа райы ұшақтын қонуына қолайлы болуы шарт. Қатты жел болмай, жер бетін тұман баспай тұруы керек. Себебі тұман болса ұшқыш қону жолағын көрмей қалады. Қатты жел болса ұшақ қона алмайды.

Метео станция

Демек ұшақтарға метеорология керек. Әлемдегі барлық аэропорттарда метео станциялар бар. Олар минут не тіпті секунд сайын ауа райын өлшеп тұрады. Температура, ылғалдылық, жел, жел бағыты дегенді компьютерге жазып тұрады. Баяғыда қағаз бетіне жазса қазір осының бәрін компьютерге енгізе салады.

Метео станция дегеніміз температура, ылғалдылық, жел, жел бағыты, қысым және басқа физикалық шамаларды өлшеп жазып отыратын жер. Онда адам не техника бар. Температураны өлшейтін құрал термометр екенің сіз білесіз. Оны сонау 17 ғасырда Галилео Галилей ойлап шықты. Содан бастап неше түрлі елдерде ауа температурасын ай сайын, күн сайын өлшей бастады.

Метеорологиялық аспаптар

Метеорологиялық аспаптар сан алуан. Солардын негізгілерін атап өтейік. Біріншісі термометр. Температураны өлшейтін құрал. Екіншісі барометр ол қысымды өлшейді. Ауа қысымын. Одан басқа флюгер дегені бар. Оның мақсаты жел бағытын анықтау:

Флюгер деген не?

Одан басқа да аспаптар бар. Негізгісі осылар. Тағы гигрометр дегені бар. Ол құралдын мақсаты ауа ылғалдылығын анықтау. Ылғалдылыққа байланысты жауын шашын болжанады. Және жаңбыр не қардын қандай болуы да ауа ылғалдылығына байланысты.