Ауа райы болжамы
меню

Қоңыржай белдеуі деген не? Қоңыржай климаты

Қоңыржай белдеуі деген не? Қоңыржай белдеуінде Қазақстан орналасқан. Ол Жер планетасындағы ең ірі географиялық белдеу боп табылады. Мына картада ол жасыл түспен боялған:

Қоңыржай белдеуі

Яғни Еуропа, Азия, екі Америка мен Австралия материктерінің біраз бөлігі енетің ірі, адамдар көп қоныстанған белдеу. Қоңыржай зонасы деп те осыны атайды.

Қоңыржай климаты

Қоңыржай климаты аты атап тұрғандай осы белдеудегі ауа райы. Қоңыржай климатында ауа райы төрт маусымға бөлінеді. Ол көктем, жаз, күз және қыс. Қысы суық жазы ыстық. Маусымдардың ауысуы нақты айқындалған. Қыста қар жауады жазда балалар суда шомылады.

Қоңыржай климатында ауа райы ауысуы жиі болып тұрады. Басқа белдеулермен салыстырғанда. Мысалы экваториалдық белдеу бар. Ол аты атап тұрғандай Экваторда орналасқан. Ол жерде маусымдар арасы аз білінеді, ауа райы тым шапшаң және бәлендей сезіле алатындай өзгермейді. Жыл бойы ыстық.

Ал қоңыржайда ауа райы күрт өзгеріп қалуы ғажап емес. Мысалы Астанада бір мезетте аспан ашық боп далада жылы не тіпті ыстық болса, кенеттен жел соғып, бұлттар қоюланып күн лезде суып кете алады. Жаңбыр жауып құрғақ ауа ылғалды бола қала алады. Астана ауа райы осындай.

Осы белдеу климаты өз ішінен төртке бөлінеді - континенттік, қоңыржай континенттік, теңіздік және муссондық. Соларды жеке жеке түсіндіріп берейік.

Қоңыржай теңіздік климаты батыста жағаға жақын жатқан елдерге тән. Мысалы Еуропа елдерінің көбінде климат осындай. Жазы тым ыстық емес ал қысы тым суық емес. Осы жерде тұман мен шық жиі шығып тұрады. Ауасы ылғалды. Сондықтан жаңбыр жиі жауып тұрады.

Қоңыржай белдеуінде орналасқан материктердің ішіне ене бастағанда климат біртіндеп өзгере бастайды. Жауын шашын мөлшері біртіндеп азайып жатады. Осыны қоңыржай континенттік климат деп атайды. Ылғал мөлшері азайғандықтан температура амплитудасы арта бастайды. Материкке ене бергенде жазда температура арта береді қыста температура төмендей жатады.

Қоңыржай континенттік климат дегеніміз ол біздің, Қазақстанның климаты, материк ішінде жатқан жерлерге тиесілі. Мұнда ылғал аз. Ауа құрғақ десек те болады. Континенталдық климатта тұман мен жауын шашын сирек болады. Өйткені ылғал ауада тым аз болады. Осы климатта жыл бойындағы температура амплитудасы өте жоғар болады. Мысалы жазда плюс отыз болып қыста минус отыз бола алады. Қыста боран да соғып тұруы мүмкін.

Қоңыржай муссондық климат ол шығыста жағаға жақын жерлердегі климат. Мысалы Жапония, Корея сияқты елдер осындай климатқа ие. Ол жерде жазда көп жаңбыр жауады ал қыста жауын шашын мөлшері тым аз болатын жерлер.