Ауа райы болжамы
меню

Флора деген не? Фауна деген не? Қазақстандағы флора мен фауна

Флора деген не? Жетісуда не бір өсімдіктер бар. Сексеуіл, емен, шырша, түймедақ, раушан және басқалары. Солардың бәрін флора деп атайды. Флора ол белгілі бір жердегі өсімдіктер тізімі. Не өседі, қалай өседі дегендей.

Флора деген не?

Флора көбіне ауа райына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы бір жылдық гүлдер көктемде жер астынан шығып күн шуағына ұмтылып, жазда гүлденіп, тұқым қалдырып күзге қарай сола бастайды. Қыста сондай шөп пен гүл сарғайып мұзда қатып қалады.

Фауна деген не?

Фауна ол белгілі бір жерде мекен ететін жануарлар тізімі. Мысалы Сарыарқада ақбөкен, қасқыр, қоян, түлкі, аю мекендейді. Сондай жануарлардың тізімі фауна деп аталады. Фаунаны сипаттау биологтардың мақсаты. Бір облыс аумағында тұратын жануарларды сипаттау үшін кем дегенде бір қалын том қажет болады. Сондай зерттеулер ғылыми кітапханаларда бар.

Фауна деген не?

Фауна бір мемлекеттін, материктін де бола береді. Орман флорасы, мұхит фаунасы дегені де бар. Таудағы фауна да бар болады.

Қазақстанның флора мен фаунасы

Қазақстанда аю, қасқыр, түлкі сияқты жыртқыштар мекен етеді. Көкте сұнқар, бүркіт, қарға, көгершін сияқты құстар бар. Олар көбіне барша қала мен ауыл маңында бар. Мысалы қарлығаш баяғы заманда әрбір үй шаңырағында ұя құратын. Суда сазан, шабақ сияқты балықтар бар.

Ал өсімдіктерден раушан бар. Раушан гүлін қазақ даласынан түріктер алып өз жерінде оны будандастырып не бір керемет түрлерін, сұрыптарын жасаған. Одан кейін сол гүлге голландықтар көз тігіп көп мөлшерде өсіре бастап Еуропа елдеріне сата бастады. Соның арқасында кедей голланд мемлекеті ел қатарына қосылыпты.