Алатау тауларының шыңдарында қар барысы мекен етеді. Ол сол жақтағы арқар, елік, қоян сияқты жануарларды жеп күнін көреді. Барыстың күші мол болғанмен оған пәсте, төменде аң аулау қиын. Ол жақта қасқыр бар, аю бар. Сондықтан тау шыңында ғана мекен етіп сол жерде аң аулайды. Демек оның таралу жері тау шыңдары. Ауа райы қатал, ерімейтін қар мен мұздықтарда.
Шөлде өркеші суға толы түйелер мекен етеді. Олар тауға шыға алмайды. Қар барысындай бір тастан екінші тасқа секіріп көрегін таба алмайды. Түйе көбіне шөлейтті аумақта мекен етеді.
Жануардың, өсімдіктін, адамның таралу аймағын ареал деп атайды. Адам дегенде көбіне бір елдің не мәдениеттін таралу аймағын қарастырады. Мысалы қазақтын таралу ареалы, яғни оның мекен ететін жері Қазақстан боп табылады. Тарихи кітаптарда сақтар мына жерде, ғұндар мына жерде мекен етті деп карталарын көрсетеді. Ол жер солардың ареалы болып саналады.
Кейбір жануар белгілі бір аумақта ғана мекен етеді. Оларды эндемик дейді. Мысалы барша алмалардың атасы боп табылатын сиверс алмасы Алатау мен Батыс Тянь-Шань аумағында ғана мекен етеді. Оның ареалы осы аймақта ғана. Кейбір жануарлар бүткүл Еуразия материгіне түгелдей дерлік таралған. Мысалы қасқыр мен қоян.
Жануарлардың таралу аумағы климатқа байланысты болады. Кейбір жануарларға ылғалды ауа райы қажет ал басқасына құрғақ. Тағы біреуіне мол күн радиациясы керек. Соған қарап олар бейімделеді. Әрбір жануар ауа райына қарап тірлік етеді. Адамнан басқасы соған тәуелді. Адам болса үй жасап қалаған жерінде мекен етеді. Мысалы маймылдар мекен етпейтін суық жерлерде. Мысалы Қазақстанда. Байқасаңыз Қазақстанда маймыл текті жануарлар мекен етпейді. Өйткені оларға климат жақпайды.