Мезозой эрасы деп шамамен 66-252 миллион жыл бұрынғы уақытты айтады. Яғни бізге дейінгі 252 миллион жылдан бастап 66 миллион жылға дейінгі созылған эра. Осы эрада динозаурлар жер бетінен жойылып кеткен. Оған себеп көктен түскен ірі астероид деп ғалымдар осы күнде болжап отыр. Ол Мексиканың Юкатан жарты аралына құлап Чиксулуб кратерін құрды.
Мезозой эрасы өз ішінен үш кезеңге бөлінеді - бор, юра және триас.
Баяғыда осы күнде әлемде бар материктер біртұтас суперконтинентті құрған екен. Оның аты Пангея. Жер шарында бір ғана материк болған. Оған дәлел қазір бар материктердің шекаралары бірін-бірі толықтырып отыратындығында. Мысалы Оңтүстік Американың шығыс жағалауы мен Африканың батыс жағалауы бірін-бірі толықтырып отыратындай боп тұр:
Біріне-бірін қоссақ арасында саңылау болмайтындай боп біріге қалады. Ол сонау заманда олардың біртұтас алып жер беті болғанының дәлелі. Бұндай ірі жер кеңістігінің болуы құрғақшылыққа әкеп отырады. Әсіресе орта тұсындағы жерлерде. Пангея материгінің орта тұсында климат шамамен құрғақ болатын. Өйткені осы аймаққа мұхиттан келетін жаңбыр мен қар жете алмайтын не жетуі мұн болатын.
Триас кезеңінде мұхиттар тұзды болатын. Себебі бар өзен мен көлдер құрғап қалатын. Осы кезеңде папоротниктер жер бетінде үстемдігін сақтай қалды.
Ғылыми фантастика кітаптарында жиі айтылатын юра кезеңі 201-145 миллион жыл бұрын болған екен. Осы уақытта динозаурлар ерекше дамыды. Олар жер бетіндегі үстем түрге айналды.
Бор деп аталатын кезең шамамен 145-66 миллион жыл бұрын болған екен. Осы уақытта Пангея суперматеригі бөлінуін жалғастыра берді. Шамамен осы уақытта қазіргі материктер пайда болған.