Ауа райы болжамы
меню

Жыл мезгілдері қазақша. Көктем мезгілі, жаз мезгілі, күз мезгілі және қыс мезгілі

Жыл мезгілдері деген не? Құдай жерде төрт жыл мезгілін жасап берді. Ол көктем, жаз, күз және қыс. Сонау заманнан бері жыл мезгілдерін адам баласы санап келді. Себебі оған керек еді. Мысалы көшпелі жұрт наурызды тосып жатты. Наурыз басталғаннан кейін атам қазақ малын қыстаудан жайлауға жіберетін. Ауа райы жыл ішінде біршама өзгереді.

Негізі мал баққанда жыл мезгілдерін білу керек. Төрт түлік малын жыл мезгілдеріне сай айдап отырған. Қыста онтүстік жақта болса жазда солтүстікке көшетұғын. Мысалы көне қыпшақ пен қаңлы елі жазда Сарыарқа жерінде көшіп жатса қыста қамысты Сыр өніріне барған. Сарыарқаның суығынан Сыр өнірінде пана тапса, Сыр бойының жаздағы маса мен шібін шіркейден қыстан Сарыарқада болған.

Көктем мезгілі

Көктем барша табиғат оянатын уақыт. Қазақтын әз-Наурызы болатын уақыт. Осы кезде адам баласы жер жыртып егін егеді. Неше түрлі көшет егеді. Табиғат құлпырып қалатын уақыт. Кешегі қыста жаланаш боп тұрған тал сәнді жапыраққа көмкеріліп қалады. Неше түрлі жәндік осы кезде оянып ұшып ұясынан кетеді.

Көктем мезгілі

Осы уақытта жер құлпырып кетеді. Құранда жазылғандай кілемдей гүлдер жер бетіне төселінеді. Адам жер құлпырып кеткен, неше түрлі бояуға бөленген гүлдерді көріп, неше түрлі дауысты құсты естіп көнілді болады. Көктем мезгілі не бір қуанышты уақыт. Осы жыл мезгіліне сай ата бабамыздың қонысы көктеу деп аталған. Көктеу деп көктемде мал жайылатын жер. Жайлау мен қыстау сияқты.

Көктемде қар еріп ауаны ылғалды етеді. Ауа ылғалға толы болғандықтан жаңбыр мен қар жиі жауады. Оған қоса тұман мен шық та осы уақытта жиі пайда болып жатады. Жел де үдеп кетеді. Жел екі түрлі ауа массаларының араласқанда пайда болады. Суық пен жылысы кездескенде. Негізі күшті желдер жер суып жатқанда не жылынып жатқанда пайда болады. Яғни күзде не көктемде.

Жаз мезгілі

Жаз мезгілі не бір қуанышты уақыт. Осы уақытта не бір дәмді жемістер пісе бастайды. Ағаш пен талдар мейлінше өсін, өніп жатады. Жапырақтарын көбейтіп. Гүлдер де мейлінше өсіп кетеді. Қара жерді жасыл кілем жабады. Атам қазақ осы уақытта жайлауға кеткен.

Жаз мезгілі

Жайлау деген не?

Жайлау деген не? Жайлау ол малдың жаз уақытында жайылатын жері. Атам қазақ малды жыл мезгілдеріне сай көшіріп отырған. Малды бір жерде ғана баға берсен ол жердің шөбі жойылып кетеді емес пе. Сондықтан атам қазақ малды көшіріп отырған.

Сөйтіп көшпелі елге айналды. Көшпелі дегені ойлаған жерге қанғыбас сияқты бара беру емес. Көшпелі ел едегені өз жерінде ғана көшу. Өз жерінде ғана болу дегенді мензейді. Таң атқанда жайлауда шық шығады.

Ақ мол болсын!

Қазақ жайлауда не бір қызықты өмір кешкен. Шөбі шүйгін болған сон малы семіз, сиыры сүтті болады. Малы көптін қонағы көп дегендей балуандардың не бір күресін, тұлпарлардың жарыстарын, айтыскерлердің сайстарын осы уақытта өткізетін. Той жасайтын кез де осы. Ақ мол болсын дегені де осы.

Күз мезгілі

Шатыққа толы көктем мен жаз өткен сон көнілсіз күз басталады. Сабаққа бару, қысқа қамдану сияқты шығады. Өмірге толы жасыл жапырақтарды көнілсіз сарылары алмастырады. Жер суып кетеді. Адам баласы біраз көнілсіз боп жүреді. Атам қазақ жамансыз жақсы жоқ дегендей, осы уақытта не бір дәмді жемістер пісіп бізге жетеді. Осы уақытта жаз бойы көрмеген достарын сыныптастар көріп қалады.

Күз мезгілі

Күз мезгілі дегеніміз аспандағы күн радиациясының азайып кеткен шағы. Осы уақытта жапырақтар сарғаяды. Себебі күн жылуы азайған сон оларға жер түбінен көкке ылғалды жеткізу қиын бола қалады. Күзде көшпелі қазақ күзеуге көшкен. Күзеу мал жаюға арналған жер.

Шымкент, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Қонаев сияқты онтүстікте орналасқан шаһарларда қыс күз сияқты. Әйтеуір Астана мен Семей жақтан келген туысқандар осы жердегі қыс мынау ма деп таң қалатын. Себебі онтүстікте суық деп бір көп болса екі ай ғана. Оның өзінде Астана жақтағыдай суық аязы, қатты бораны дегені жоқ қыс. Онтүстікте қыстағы температура күндіз негізінен плюс болады.

Негізі қазақ даласының климаты әрқилы болады. Жеріміз кен болғандықтан. Әлемдегі ең ірі мемлекет болып отырмыз. Солтүстік жағы суық, аязды Сібір болса онтүстік жағы жылы субтропикке жақын орналасады. Шыңғыс Айтматов айтқандай қазақтын шексіз, шетсіз даласы.

Қыс мезгілі

Көнілсіз күз аяқталған сон қаһарлы қыс басталады. Ол барша тіршілік иесін жоқ қылуға даяр. Қыс мезгілі кезінде өсімдіктер ұйқыда болады. Мысалы ормандағы тал сондай қалыпта болады. Жапырақтарынан құтылып өспей жатады. Көктемге шейін ұйқыда болады. Өсімдіктермен бірге кейбір жануарлар да ұйқыға кетеді. Мысалы аю мен сазан.

Қыс мезгілі

Қыста азық аз болған сон кейбір жануарлар осы жыл мезгілінде тынығып жатуды жөн көреді.