Ауа райы болжамы
меню

Бұлт деген не? Бұлт қалай пайда болады?

Бұлт деген не? Жер бетінде су мол. Теңізде, көлде, мұхитта, өзенде, ылғалды топырақта, орманда және басқа жерлерде. Күнге жер қызып су буланады. Бу пайда болады. Ол атмосфераның жоғарғы қабаттарына жетеді. Көкке көтеріледі. Ол жақта температура біртіндеп азаяды.

Бұлт деген не?

Аспанға көтерілген су буы жиналады. Біріне бірі тартылады. Қоюланады. Осылай бұлт пайда болады. Оның неше түрлері бар. Көтерілген биіктікке қарай бөлінеді.

Бұллтардың қалыптасуына қысым, температура, жел сияқты дүниелер әсер етеді. Мысалы желдің арқасында оның пішіні қалыптасады. Аспанға қарағанда бұлттар неше түрлі құбылып жатады. Біресе созылып, біресе жиырылып.

Бұлт қалай пайда болады?

Бұлт ол жоғары көтерілген су буы мен басқа заттар. Кейде көкке сумен қатар құм, саз, шаң мен тозан да көтеріледі. Кейде тіпті балық та бұлт арасында болады екен! Сену қиын бірақ өмірде болған жайт. Бұлттар қоюланып жаңбырдың пайда болуына себепкер болады.

Су буынан бөлек бұлт арасында қар мен мұз да бар болуы мүмкін. Қар ұшқыны көктен жерге баяу түскенде ол бұлт арасынан пайда болады. Бұлттар ауа райына зор әсер ететін күш. Мысалы жер бетіндегі күндізгі температура осы бұлттарға байланысты. Өйткені олар пайда болса жер бетіне күн аз түседі. Демек жер беті ойдағыдай жылынбай қалады. Бұлт көп мөлшерде суға жақын аумақтарда түзіледі. Мысалы Ақтау қаласында. Өйткені оған Каспий теңізі жақын емес пе.