Ауа райы болжамы
меню

Азимут деген не? Компас деген не?

Азимут деген не? Азимут дегені мысалы мынау:

Азимут деген не?

Осы суретте күн мен солтүстік бағыт (карталарда оны N деп белгілейді) арасындағы бұрыш азимут болады. Жалпы азимут ол бір бағыт (солтүстік, шығыс, батыс, оңтүстік, онтүстік батыс және басқалары) пен таңдап алынған нысан (баратын жер, үй, тау, көл) арасындағы бұрыш.

Компас деген не?

Компас дегеніміз ол үнемі солтүстік бағытты көрсетіп тұратын аспап:

Компас деген не?

Осы суретте компас тілі солтүстікке бағытталған. Ал солтүстік бағыт N әрпімен белгіленген. Бірақ көрініп тұрғандай екеуі бірдей емес. Бірдеу болу үшін компасты бұрау керек. Компаста бұрайтын жер бар. Оның қорапшасы жылжымалы болады. Суреттегі N бағытын компас тілімен бірдей етеміз:

Компасты пайдалану

Енді компас бағыты дұрыс боп тұр. Яғни солтүстік бағыт компас тілімен бірдей боп тұр. Осыған қарап солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс деген бағыттарды анықтауға болады. Яғни компас көмегімен бағытты анықтай аламыз.