Климат деген не? Көкшетаудағы ауа райы қандай? Суық. Жазы ыстық әрі қысқа. Қысы суық әрі ұзақ. Жауын-шашын мөлшері аса көп емес. Ауасы құрғақ. Осының бәрін қорыта келіп климат дейді. Климат белгілі бір жердің ауа райының орташа сипаттамасын білдіреді. Белгілі бір жердің климаты адамның мінезі сияқты.
Анау момын, мынау пысық, келіні ұялшақ дегендей климат та әрқилы болады. Климаты суық, жылы, ыстық дегендей. Мысалы Қазақстанның оңтүстігінде климат жайлы, жылы болады. Ал солтүстікте суық. Алматы мен Астана екі түрлі климатқа ие.
Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Қызылқұм климаты шөлейтті болып келеді:
Ылғалы аз. Жоқ десек те болады. Жауын-шашыны өте аз. Қысы жылы ал жазы ыстық. Жазда температура ерекше көп болып, айналадағы бар шөпті күйдіріп, құрғатып тастайды.
Ал ауасы өте ылғалды, жаңбыры сирек жаумайтын Ұлыбритания елінің климаты басқаша болады:
Мұнда ауа тым ылғалды болады. Сондықтан жиі тұман боп тұрады. Ұлыбританияның басқа атауы осыдан шықты. Тұманды Альбион деген атауы. Көктемде шыққан шөп құрамай жазда да, күзде де өсіп тұрады.
Жер бетінде климат біркелкі емес. Полюстерде суық. Экваторда ыстық. Климаттық белдеу дегеніміз ол климаты ұқсас болатын аумақ. Мысалы экваторда климат аса ыстық. Қысы жоқ. Ауа ылғалды. Жауын-шашыны жиі жауып тұратын аймақ.
Немесе Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Ресей, Украина, Қытай, Монғолия сияқты елдердің климаты біріне-бірі өте ұқсас боп келеді.