Популяция деген не? Өздерініз білетіндей Каспий теңізі мұхитпен байланыспаған. Баяғыда әлемдік мұхиттын бір бөлігі болса кейін оқшауланып қалған. Сондықтан ол жақта мекен ететін балық пен суда мекен ететін сүтқоректілер бөлек дамыды. Эволюциясы бөлек жүріп жатыр. Мысалы каспий итбалығы:
Ит балықтар жер бетінің өзге аумақтарында да мекен етеді. Мысалы Арктикада. Бірақ олар Каспийдегімен байланыспайды. Каспий теңізі аумағында ит балықтар оқшау, бөлек тірлік етіп жатыр. Олар өздерінше бір үйір, шоғыр құрып отыр. Соны популяция деп атайды. Каспийдегі ауа райы Арктикадағыдай болмаған сон олардын дамуы да өзгеше болады.
Популяция қалай пайда болады? Каспий итбалығының популяциясы оқшау болған соң пайда болыпты. Басқа жануарлар арасында сондай бөгет бар болса жаңа популяция пайда болады. Ол тау, теңіз, ойпат, шөл болуы мүмкін. Яки жер бедеріне байланысты.
Қазір Қазақстанда ақбөкендер ерекше көбейіп кетіпті. Олар топтасып көшіп жүреді. Мысалы Оралда, Бепақдалада, Үстіртіртте бөлек бөлек боп. Олар ол жақта қаншама мыңға бірігіп ірі үйір құрады. Осыны популяция деп атайды. Популяция белгілі бір жерде мекен ететін жануарлардың тобы, шоғыры, үйірі.
Бір популяция арасындағы байланыс күшті болады. Популяцияға енетін жануарлар арасындағы байланыс оған енбейтіндермен салыстырған күштірек болады. Популяция дегеніміз осы. Ол бір топқа кіретін, туысқандар шоғыры. Климаты бір не ұқсас аумақта мекен ететін жануарлар.
Популяция сөзі адамдарға да қатысты айтылады. Мысалы көне Еуропада бір ауыл не бір қала аумағында мекен ететін адамдар бірімен бірі неке құрып топтасып кете беретін. Оларда жеті ата деген ұғымы жоқ қой. Еуропада бір атаның немерелері үйлене береді. Сондықтан аз аумақта (бір аудандай) неше түрлі ел, ұлт мекен етеді.
Италияның солтүстігінде Венеция, Флоренция сияқты қалалар бар. Олардың әрқайсысы өзіндік мәдениетке ие. Себебі орта ғасырларда олар жеке жеке мемлекет болған. Германияда Саксония, Бавария, Силезия сияқты жерлер бар. Әрқайсысы орта ғасырларда бөлек мемлекет болған. Сондықтан бұл күнге дейін немістердің бавариялық, саксониялық, силезиялық популяциялары бар.
Қазаққа қатысты популяция сөзі бір жүз, не тұтастай ұлт деңгейінде ғана айтыла алады. Бір ру бөлек бола алмайды. Ол басқа рулармен байланыста болуы керек. Жеті атадан асып қыз алу керек емес пе! Демек бір ру көне заманда оқшау бола алмаған. Бола алмайды да.