Ауа райы болжамы
меню

Экваторлық белдеу деген не? Экваторлық климат

Экваторлық белдеу деген не? Экваторлық белдеу деп аты атап тұрғандай экватор сызығына жақын орналасқан табиғи зона. Ол шамамен мына жерлерге тән:

Экваторлық белдеу

Негізінен экваторға жақын орналасқандықтан осы жерде тым ыстық. Осы белдеу солтүстікте шамамен 50 градусқа ал кей жерлерде 80 дейін жетеді. Оңтүстік жақта болса кей жерлерде -40 дейін ал кей жақта -110 дейін созылған.

Экваторлық климат

Экваторлық климат басқаларынан ерекшелінеді. Оның климаты тым ыстық. Құрлықтағы орташа температура шамамен 250-300 шамасында. Яғни қоңыржай белдеуінде жазда ғана болатын жылы, ыстық күндер осы жақта жыл бойы болады.

Жыл бойы температура айырымы аз болатындықтан. Алматы ауа райы сияқты қысы мен күзі жоқ болғандықтан осы жерлерде жел тым әлсіз болады. Жел пайда болу үшін температура айырымы бар болуы керек. Ыстығы мен суығы қосылып жел түзіледі. Ол болмаған соң желдері тым әлсіз.

Теңіз жағалауына жақын орналасқан жерлерде бриз деп аталатын әлсіз жел осы жақта соғады. Мысалы Үнді мұхитының экваторлық бөлігінде орналасқан Шри-Ланка деген елде бриз соғып тұрады.

Осы белдеуде жауын шашын мол болады. Шамамен жылына 1500 - 3000 мм. Ал кейбір жерлерде жылына 10 000 мм. Мысалы Лаос пен Вьетнам сияқты елдерде. Ол жерлерде муссон да соғып отырады.

Жауын шашыны көп болған соң, ауа ылғал болған соң неше түрлі жәндіктер осы жақта мекендейді. Бактерияларды өлтіретін аяз жоқ болғандықтан неше түрлі аурулар осы жақта пайда болады. Әсіресе адам тығыз орналасқан Африка мен Азия жағында.

Аязды қысы жоқ болғандықтан, жауын шашын мол болғандықтан экваторлық белдеуде неше түрлі өсімдік пен жануар мекендейді. Экваторлық ормандар да көп. Осы ормандарда неше түрлі өсімдік өседі.