Эхолот деген не? Эхолот ол су түбін зерттеуге арналған аспап. Оның көмегімен жер астындағы жер бедерін, су жоталары мен шұнқырларын картаға түгелдей түсіруге болады:
Суреттегі A нүктеден дыбыс шығады ол су түбіне жетіп ол жермен шағылысады да қайта жоғары жаққа жетеді. Сол жерде эхолоттың қабылдағышы тұрады. Ол B нүктеде. Дыбыстың өткен жолын табу үшін өткен уақытты оның жылдамдығына көбейтеді. Сөйтіп кемеден су түбіне дейінгі арақашықтықты есептеп қояды. Оны компьютер есептейді.
Оған қоса компьютер су түбінің жер бедерінің екі не үш өлшемді моделін жасай алады. Және суда қалқып жатқан денелерді де түсіріп. Мысалы баяғыда батып кеткен және су түбінде жатқан көне кемелерді.
Және балықтар легін де эхолоттың көмегімен көруге болады. Осының бәрін картаға түсіріледі. Көл не теңізде жүрген балықшылар осы аспаптың көмегімен балықты таба алады.
Үлкен, ірі кемелерде неше мың метр тереңдегі теңіз түбін зерттеуге арналған эхолоттармен қатар шағын, алақанға сыя алатын портативті эхолоттар да бар. Оларды көл мен өзеңде балық ұстайтындар пайдаланады. Олар шағын тереңдіктегі жатқан балықты аңықтай алады. Мысалы Астана сияқты өзеңі бар қалалардың жұрты осындайды балық табу үшін пайдаланады.
Эхолот су тереңдігін аңықтау үшін пайдаланатын аспап. Ол барша кемелерде бар. Сонымен қатар мұнайшылар мен геологтар да осы аспапты пайдаланады.