Эндемик деген не? Эндемик ол белгілі бір аумақта ғана өсетін шөп, ағаш, тоғай, жануар, өсімдік. Яғни белгілі бір аумақта ғана кездесетін тіршілік. Олай болуының себебі ауа райында, географияда, басқа жануарлардың таралу аймағында. Мысалы Қазақстан мен Орта Азияда өсетін сиверс алмасы дегені бар. Ғалымдардың айтуыша ол барша алма түрінің атасы боп табылады.
Басқа алма түрі жер бетіне тараса да сиверс алмасы Жоңғар Алатауы мен Батыс Тянь-Шань да ғана кездеседі. Ол алма Англия не Африкада өспейді. Бізде ғана бар. Негізінен таулы аймақтарда өседі. Сіра климаты жағатын шығар. Алматы, Шымкент, Тараз қалаларына жақын орналасқан тауларда осы жабайы алма өседі. Тауға шықсаныз оны көре аласыз.
Тағы бір мысал Кергуру. Кенгуру дегеніміз ірі жануар. Шамамен бойы мен салмағы адам сияқты. Және ол Австарлия материгінде мекендейді. Ол Азия, Америка, Еуропа, Африкада мекендемейді. Зоопаркта болмаса бізде де жоқ. Ол сол жерде пайда болып қалыптасқан. Австралия материгі оқшау орналасқандықтан ол жерде көп эндемик бар.
Неше миллион жыл бұрын пайда болып Австралияда ғана өмір сүретін эндемиктер көп. Мысалы коала, тасман шайтаны, киви, динго иті және басқалары.