Термометр деген не? Ауа райы ыстық, суық, салқын, жылы болуы мүмкін. Осыны санмен көрсететін аспап термометр деп аталады. Мысалы термометр бүгін плюс жиырма, плюс жиырма бес деп көрсетуі мүмкін. Ол қандай температура? Жылы болған кезі. Термометр атмосферадағы ауаның (не басқа заттын) температурасын өлшейтін құрал:
Осындай сынаптан жасалған термометрлер бар еді. Ұшымен адам қолтық арасына салатын. Дене жылуының әсерінен термометр ішіндегі сынап ұлғаяды. Адам денесі неғұрлым ыстық болса соғұрлым сынап көп ұлғаятын. Демек адамның қалыпты температурасы 36 дан асып 37, 38 дегенге кете беретін. Қазір бәрі электронды.
Термометр алғашында ауаның жылы, суық екенің анықтау үшін ойлап табылған. Кейін басқа заттардың жылы, суық, ыстық сияқты күйлерін өлшеу үшін қолданылған. Кейін басқа заттардың температураларын өлшей бастады.
Күнделікті өмірде температураны Цельсий шкаласымен өлшейді. Ол шкалада судын мұзға қату температурасы нөл ал судын қайнау температурасы жүз деп алынған. Бөлме температурасы шамамен жиырма градус болуы керек. Пештегі отын шамамен бір мың градусқа дейін қызады.
Температураны әркім әрқалай сезінеді. Мысалы Астана жақтан келген адамға Шымкент қаласының қысы тым жылы боп көрінуі мүмкін. Өйткені солтүстікте минус он бес аса суық емес боп саналады. Ал осындай кезде онтүстіктің жұрты далаға шықпауға тырысады. Оған қоса ылғал да бар. Ақтау шаһарында ауа ылғалды. Сондықтан аязды не ыстықты ол күшейтеді. Болмашы аяз тым қатты боп сезінуі мүмкін. Ауаның температурасының сезу қабілеті сонымен қатар қысымға да тәуелді. Оны барометр деген құралмен өлшейді.
Жел де температураны сезу әсерін есейтеді. Қатты жел кезінде үй не далада тұрған адам тез суып кетеді. Өйткені жел оның жылуының алып кетеді. Дауыл кезіндегі аяздың қаһары қатты.