Тұман деген не? Тұман дегеніміз су буының ауа құрамында көп болуы. Және ол бір жерде тұрақтап қалып ауаны түтін басқандай етеді:
Мына суретте орман ішіндегі тұман көрсетілген. Негізі тұман ылғалды жерлерде болады. Тәңертен көл мен өзен жағасында буланып жатқан суды көре аласыз. Сенбесеніз балықшылардан сұраныз. Олар сондай тұманды жиі көріп тұрады. Жылы көлдегі су буланып суық ауаға тарап тұманды түзеді.
Соған қоса тұман тәңертен тауға жақын орналасқан жерлерде болады. Тау бөктерінде тұман жиі пайда болып тұрады. Өйткені ылғалды бұлттар таудан аса алмай оның бөктерінде жиналып ылғалды ортаны қалыптастырады:
Тұман көліктердің қозғалысына кедергі жасайды. Ұшақ тіпті ұша да алмай жатады, тұман басқан аэропортқа не қона алмай, не одан ұша алмай рейстер кешігіп жатады. Әсіресе ылғалы мол көктем мен күзде. Я жаңбырлы жаз күні.
Бірінші жол ол судын булану процесі. Көл не өзен манында су көп мөлшерде буланып ауаға тарайды. Сондықтан тұман пайда болады. Оған қоса орман мен тау сияқты ылғалды орталарда да пайда болуы ғажап емес. Әсіресе таң атқан уақытқа жақын мезетте. Осы уақытта ауа температурасы мейлінше төмен болады. Мысалы Алматы ауа райы бетін қарасаныз температураның таң атқанға дейінгі мезетте ерекше төмен болатының байқайсыз.
Жылы жер мен су буы атмосфераға тарап тұманды түзеді. Алатау, Алтай тауларында таң атқан шақта тұман жер бетіне көрпедей жамылып тұрады. Оған қоса Ақтау мен Атырау сияқты шаһарларда Каспий теңізінен тараған ылғалды ауа тұманды түзеді.
Екінші жолы ол екі атмосфералық фронттың кездесу аймағында пайда болуы. Суық және жылы ауа массалары араласқанда тұман пайда болуы мүмкін. Кейде жел де пайда болады.
Үшінші жолы ол ауа температурасының күрт төмендеп кеткендегісі. Әсіресе күз айларында температура күрт төмендейді де ауадағы су буы конденсацияланып тұман түзеді.
Сонымен тұман ол ылғалды ауада пайда болатын құбылыс. Кей елдерде тұман жиі болып тұрады. Мысалы Тұманды Албион дегенді естіген шығарсыз. Ол Ұлыбританияның бейресми атауы. Орыс тіліндегі туман қазақ (түркі) тіліндегі тұман деген сөзден шыққан.