Географиялық ендік деген не? Өздеріңіз білетіндей жер шар пішінді. Домалақ, дөңгелек. Және оның қақ ортасынан Экватор деген сызық өтеді. Ендік дегеніміз осы Экватордан есептелген бұрыш:
Экваторда ендік нөлге тең деп алынады. Солтүстікке жылжығанда өседі. Мысалы Алматы қаласы 430 градуста орналасқан. Демек Экватор мен Алматы қаласы арасы 430 градус. Солтүстік полюс тоқсан градустық ендікте орналасқан.
Экватор климаты тым ыстық. Ал солтүстікке не оңтүстікке жылжи берсеніз климат біртіндеп өзгере бастайды. Плюстік температура азайып жатады. Және теріс температуралары бар субтропиктік, қоңыржай сияқты белдеулер пайда болады.
Солтүстік пен Оңтүстік полюстерін жалған виртуалды сызық жүргізе аламыз. Оны меридиан дейді. Меридиандар көп. Соның ішінде Гринвич қаласы арқылы өтетінің алайық:
Жоғарыда келтірілген картада ол ирек сызықпен бейнеленген. Осы Гринвич меридианынан градусты өлшейік. Оны географиялық бойлық деп атайды. Немесе қысқаша бойлық деп. Мысалы Алматы қаласы мен Гринвич меридианы арасы 760 градус. Ендік пен бойлық дегеніміз осы.
Суреттен көрініп тұрғандай Гринвич меридианының батыс жағы теріс ал шығыс жағы оң градуспен есептелінеді. Біріншісін Батыс жарты шары ал екіншісін Шығыс жарты шары деп атайды. Қазақстан Шығыс жарты шарында орналасқан ал Америка Батыс жарты шарында орналасқан.
Жер бетіндегі әрбір нүктенің екі координаты бар ол ендік пен бойлық. Осы екеуінің қиылысы нүктенің координатын құрайды. Жер бетіндегі әрбір заттын координаттары осы жолмен аңықталады. Географиялық координаттар дегені осы. Геометриядағы кәдімгі координаттардан айырмашылығы ол өлшем бірлігі сан емес градус. Географиялық координаттар арқылы жылдық температура мөлшерін аңықтауға болады. Әрбір қала өз климатына ие.
Мысалы Алматы қаласының георграфиялық координаттарын табайық. Ол үшін арнайы сервистерден қарасаңыз 43.238949 (ендік) пен 76.889709 (бойлық) деген сияқты жазуды көрсетеді. Координаттары деген осы. Негізінен қазір ғарыштық технологиялардың арқасында әрбір қала түгіл үйдің координаттарын жоғары дәлдікпен аңықтауға болады!