Жаңбыр деген не? Жаңбыр ол көктен жауған су тамшылары. Оны әрбір адам жазда көреді. Қазақстанның барлық қала мен ауылдарында жазда бір рет болса да жаңбыр жауады:
Жер бетінен су буланады. Мысалы көл, теңіз, мұхит пен дымқыл жерден ылғалды ауа көкке ұмтылады. Ол атмосфераның жоғары қабаттарына барып суып кетеді. Себебі жоғары жақта температура төмендей жатады. Сол су буы қоюланып, конденсацияланады. Шәугім қақпағындағы жиналған су буы сияқты:
Бу суға айналған соң ол төмен құлайды. Себебі оның тығыздығы ауадан жоғары. Сөйтіп жаңбыр пайда болады. Ауа райы осы жаңбырға байланысты. Себебі жаңбыр болған күні ауа суып, аспан жабылып кетеді.
Жаңбыр тамшылары шамамен 0,5 - 6 мм шамасында болады. Кейбірі тіпті 7 мм дейін жетеді. Жаңбырлы күні осы тамшыларды өздеріңіз де байқаған шығарсыз. Тамшылар осы шамадан үлкен бола алмайды. Себебі көктен түскенше бірнеше рет бөлініп кетеді. Уақталады.
Су буы кейде конденсацияланбай ауада қалқып қалады. Осыны тұман дейді. Тұман жайлы арнайы мақаланы қараңыз. Тұман кезінде адам алысқа қарай алмайды. Бәрі көрінбей қалады.
Қазақстан аумағында жаңбыр көп мөлшерде таулы аймақтарда жауады. Мысалы Семей, Өскемен, Алматы, Тараз сияқты қалаларға жақын аумақта. Осы шаһарлар тауларға жақын орналасқан. Тау жоталары бұлттарды өткізбей ылғалды ауа массаларын жинайды. Демек таулар бар жерде көп бұлттар жиналып көп рет жаңбырдың пайда болуына себепкер болады.
Нөсер жауын ол тоқтамай жауатын құбылыс. Ол көбіне жазда не көктемде байқалады. Ауадағы ылғал көп мөлшерде болғанда. Не бір жерден өзімен ылғал әкелген циклон жетіп келгенде. Негізінен Қазақстан аумағына Атлантикадан келген циклондар жаңбыр сыйлайды. Муссон бар жерлерде жаңбыр көп жауы мүмкін.
Жаңбыр күшін ол жауған су деңгейімен өлшейді. Далаға стақан сияқты ыдысты қояды да қанша сантиметрге сол стақанның көтерілгеннің өлшейді. Сөйтіп жаңбыр интенсивтігін аңықтайды. Нөсер жаңбыр кезінде стақан он сантиметрге толады.